
<p>Мәулана Жалаладдин Руми - мәдениет тарихымызда өзіндік орны бар аса ірі тұлғалардың бірі. Оның сопылық философиясы мен пікірлері әлемдік деңгейде танылған.<br> Ислам әлемінің ірі ойшылы, сопылық ілімнің көрнекті өкілдерінің бірі Мәулана Жалаладдин Руми 1207 жылдың 30 қыркүйек айында Хорасанның Белх қаласында туылған. Анасы Белх әмірі Рукнеддиннің қызы Мүмине Хатун, ал әкесі «ғалымдардың сұлтаны» деген атпен танылған Мұхаммед Бахауддин Уәләд.<br> Мәулананың әкесі Бахауддин Уәләд білімді ұстаз, танымал дін адамы болған екен. Бахауддин Уәләдті халық ерекше сыйлап, құрметтеген әрі халық арасында оның ықпалы зор болған. Сол кезеңдегі саяси шиеленістер мен таяп қалған моңғол шапқыншылығының дүмпуінен қорғану мақсатында Бахауддин Уәләд 1212 жылы отбасымен бірге, Белхтен кетуге мәжбүр болады. Бахауддин Уәләд отбасымен алдымен Нишапурға барады, сол жерде сопылық ілімнің әйгілі өкілі Фаридуддин Аттармен кездеседі. Фаридуддин Аттардың назарын кішкентай жастағы Мәулана өзіне еріксіз аударған болатын.<br> </p>
Bu kitap hakkında henüz gönderi yok. Uygulamada ilk paylaşan sen ol!